ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданының тұрғындарымен көшпелі кездесті. 

Кездесу барысында Бадам-2, Жұлдыз, Жалын, Қарабастау-Жаңақұрылыс, Бадам және Қарабастау тұрғын алаптарының халқы қоғамдық көлік бағыттарын реттеу, жаңа мектеп пен спорт нысандарын салу, орталық кәріз жүйесін жүргізу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

Қала әкімі экология мәселесі арнайы жиында қаралатынын, онда кәсіпорындардың жұмысы мен экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланатынын айтты. Сонымен қатар, тұрғындар балалар алаңы мен мәдениет үйін салу, ирригация жүйесін жаңарту, көшелерді жарықтандыру, жолдарды кеңейту, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін салу қажеттігін жеткізді.

Кездесу барысында бірқатар мәселе бірден шешімін тауып, қала әкімі аудан әкімдігі мен басқарма басшыларына барлық ұсынысты жүйелеп, жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *