ШЫМКЕНТ: ТУБЕРКУЛЕЗБЕН СЫРҚАТТАНУ ДЕҢГЕЙІ 35%-ҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Шымкент қаласында туберкулездің алдын алу және оған қарсы күрес шаралары белсенді түрде жүргізілуде. 2025 жылы жаһандық серіктестік «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз: міндеттенеміз, инвестициялаймыз, әрекет етеміз» ұранымен түрлі шаралар өтуде.

Туберкулез — өкпені және басқа ағзаларды зақымдайтын жұқпалы ауру, ол ауа арқылы таралады. Шымкентте 2025 жылдың алғашқы екі айында туберкулезбен сырқаттану 35%-ға төмендеді, бірақ 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық артқан.

Туберкулезді анықтау үшін балаларға Манту сынамасы, АТР сынамасы жасалады. Ересектерге флюорография немесе рентген, қақырықты микробиологиялық зерттеу жүргізіледі.

Туберкулез — емделмеген науқастар жылына 10-15 адамға дейін жұқтыруы мүмкін. Сондықтан ерте диагностика мен алдын алу шаралары өте маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *