Көксай шағынауданының жаңғырту тұжырымдамасы бойынша қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы тұрғын үй жағдайын жақсарту басталған. Қазіргі таңда 22 отбасы жаңа үйлерге көшсе, бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тағы 35 отбасына жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.

Тұжырымдаманың мақсаты – тозығы жеткен үйлерден тұрғындарды жаңа, заманауи пәтерлерге көшіру. Бұл жобаның аясында көпқабатты үйлер, әлеуметтік нысандар, саябақтар, спорт кешені және сауда-логистикалық орталықтар салынады. Жақын арада тағы 159 отбасы көшірілмек.
Бұл шаралар қаланың келбетін жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.