ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН ЖАУҺАРЛАРЫ» ҰЛТТЫҚ КИІМ КӨРМЕСІ МЕН КОНЦЕРТ ӨТТІ

18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Түркістан қаласында «Түркістан жауһарлары» ұлттық киім көрмесі мен «Яссы» халықтық этнофольклорлық ансамблінің концерті өтті. Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, Этноауыл кешенінде өткен шара ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеуге бағытталды. Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты.

Мерекеде «Тұсаукесер», «Қазан шегелу» және басқа да салт-дәстүрлерден көрініс қойылып, келіндер мен тігіншілердің қыз жасауын дайындау үрдісі көрсетілді. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, өнер фестивальдері мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстарға қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *