БЕЙСЕНБАЙ ТӘЖІБАЕВ 17 АУДАН МЕН ҚАЛАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРДЕЛЕП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НАЗАР АУДАРДЫ

Түркістан өңірінде аудан, қалалардағы білім саласына жауапты басшылардың есептерін тыңдау басталды. Жиында оқу жылын аяқтау, «Жұмысшы мамандықтар жылы», ҰБТ-ға дайындық, балалардың жазғы демалысы, мектептердің реновациясы және «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев 17 аудан мен қаланың білім беру жүйесін зерделеп, өзекті мәселелерге назар аударды. Әр ауданда инфрақұрылымды реттеу, мұғалімдерге қолдау көрсету және проблемаларды шешу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жиында 2025-2027 жылдары Түркістан облысында 115 мектепті реновациялау жоспарлары мен кадрлық резерв жасау мәселелері де талқыланды. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындау қажеттілігі ескертілді. Есеп беру жұмыстары жалғасуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *