Түлкібас ауданында суару жүйесін жақсарту мақсатында 7800 гектар суармалы жерді қамтитын 13 каналдың бетондау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарды тәжірибелі “АТК 777” мердігер компаниясы атқаруда.
Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 123 шақырымды құрайтын 13 каналдың 77 шақырымы бетондалуы тиіс. Ал 60 шақырымдық бөлігі сапалы бетондалған, яғни құрылыс жұмыстарының 80%-ы аяқталды.
Жазғы маусымда егін суару кезеңінде шаруалар ағын сумен толық қамтылған. “Қазсушар” РМК Түркістан филиалының тапсырмасы бойынша, бетондалған арналар арқылы тұрғындарға су жеткізу қамтамасыз етілуде.
Құрылыс жұмыстарын ұтымды жүргізу үшін мердігер мекеме 150-ге жуық жұмысшы мен арнайы техникаларды жұмылдырып, екі ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Егер ауа-райы қолайлы болса, жұмыстар биыл аяқталып, нысандар тапсырылуы жоспарлануда.