Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Наурыз мерекесіне орай Шымкент қаласы Білім басқармасының “Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығына” барып, орталық ұжымы мен тәрбиеленушілерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Сапар барысында ол мерекелік шараға қатысып, балаларға ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, Наурыз мейрамы – халқымыздың бірлік пен татулық, мейірімділік пен қайырымдылық сияқты асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке екенін атап өтті.
Бұл игі бастама балаларға қуаныш сыйлап, оларға қолдау мен жылулықтың символына айналды.