«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ» ТАҚЫРЫБЫМЕН ӨҢІРДІҢ ТУРИСТІК МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Бүгін, «Kеруен сарай» кешенінде «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбымен өңірдің туристік маусымы ашылды.

Облыстың туристік әлеуетін, инфрақұрылымын жақсарту және қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс тұрғындары мен саяхатшылар қатысты.

Туристік маусымның ашылуында көрермендерге ерекше шоулар ұсынылып, ұмытылмас әсер сыйлады. «Jana lep» шығармашылық ұжымы қазақтың ұлттық әндерін орындап, көпшілікті сүйсіндірді. Сондай-ақ заманауи әуендер шырқалды.

Туристер мен түркістандықтарды таңғалдырған мерекеде тарихи тұлғалар мен кейіпкерлер енгізілген керуен жүріп өтіп, балалар ұлттық ойындарды ойнады. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Абай Құнанбайұлы сынды ойшылдар жұртшылықпен қауышты.

Туристік мерекеде 2,5 тонна наурыз көже пісіріліп, жүртшылыққа ұсынылды. Көже 150 теңгеден сатылып, жиналған барлық қаражат балалар үйіне қайырымдылық ретінде беріледі. Қонақтар мен түркістандықтар наурызкөжемен ауыз ашып, бір-бірін мерекемен құттықтады.

Сиқыршылар қойылымы көрсетіліп, барабан шоуы ұйымдастырылды. Тамақты жылдам жеуден жарыс және қолөнершілердің шоулары өтті. Әсем әндер шырқалып, би биленді.

Айта кетейік, аймаққа келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді. Түркістан Қазақстанның және бүкіл түркі әлемінің ең ірі туристік орталықтарының біріне айналуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысына келген туристер саны 500 мыңнан асты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *