«ЖАНҒА ЖЫЛУ» АКЦИЯСЫ 100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Төтенше жағдай кезінде көмекке мұқтаж жанұяларға қол ұшын беру мақсатында Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» кезекті рет «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын қолға алды. Қайырымдылық шарасына «Петро Қазақстан» Шымкент мұнай өңдеу зауыты да өз үлесін қосты. 

  Ұйымдастырушылар мен демеушілер Шымкент қаласындағы төрт ауданмен, атап айтсақ, Еңбекші, Абай, Әл-Фараби мен Қаратау ауданы әкімдіктерімен бірлесе отырып, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы 100 отбасының тізімін нақтылады. Осыған орай, игі бастамашылар тұрмыста жиі тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, қарақұмық, шай және тәттілерден тұратын 100 азық-түлік себетін әзірледі. Акция аясында еріктілер азық-түлік себеттерін 100 отбасыға таратты. Айта кетейік, жыл басынан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Жанға жылу» қайырымдылық шарасы аясында 500-ден аса отбасыға көмек көрсетілді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *