Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 2 науқас емлеліп, ауруханадан шығарылды. Әкелі балалы қос науқас коронавирус індетінен құлан таза айықты,- дейді мамандар.
Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсы екенін айтады. Науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткен. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 51 науқас дертінен айығып шықты.