Шымкенттік спортшылар Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғады

Шымкент спортшылары кезекті рет халықаралық аренадан жеңіспен оралды! Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан маунтинбайк бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы күміс жүлдені жеңіп алды.

Кросс-кантри эстафеталық жарысында ел намысын қорғаған құраманың ішінде Шымкент қаласының №2 олимпиадалық резервтегі велоспорт және жеңіл атлетикаға мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері Виолетта Казакова мен Алексей Фефелов та бар. Бұл – өңір спорты үшін үлкен мақтаныш!

Жалпы құрама сапында өнер көрсеткендер:

  • Богдан Лухманов

  • Алексей Фефелов

  • Денис Сергиенко

  • Виолетта Казакова

  • Юлия Ли

  • Алина Карасева

Байрақты бәсекеде алтын жүлде Қытайға бұйырса, қола медальді Үндістан иеленді. Азия құрлығының үздіктері бас қосқан бұл чемпионатқа 20 елден 160 спортшы қатысуда. Жарыс 27 сәуірге дейін жалғасады.

«Шымкент спортшыларының мұндай биік жетістіктері – ел спортының қарқынды дамуының айғағы. Бұл жас буынға үлкен шабыт, ал бізге – мақтаныш», – дейді бапкерлер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *