Түркістан облысында 2025–2026 жылдары толық циклді мақта-тоқыма кластері құрылмақ. Бұл жоба Қазақстанда теңдесі жоқ, онда 4 мақта өңдеу зауыты мен тоқыма кешені іске қосылады. Мақта егіс алқабынан бастап, иіру, мата шығару, бояу, өңдеу және дайын өнімге дейін барлық кезең қамтылады.
30 000 гектардан астам алқапта заманауи су үнемдеу технологиялары енгізіледі. Бұл жоба тоқыма саласында тәуелсіздікке жетелеп, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына үлес қосады. Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Алтын дала мақта» ЖШС 2024 жылы Отырар ауданында тоқыма кешенін салуды бастады.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі 140 миллиард теңге, ал 4 000 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндірістік қуаттылығы: мақта өңдеу — жылына 180 000 тонна, мата — 45 миллион погон метр, үйге арналған тоқыма бұйымдары — 7 миллион дана. Қытайлық «Lihua Spinning Technology Co., Ltd» компаниясы кеңесші ретінде тартылған.
Түркістан облысы еліміздегі жалғыз мақта өсіретін өңір болып табылады, бұл жоба ел экономикасына үлкен әсер етеді.