Өзбекстан Республикасының Ханабад қаласында гір спортынан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің әр түкпірінен жиналған білекті жігіттер бақ сынаған байрақты бәсекеде шардаралық спортшылар үздіктер қатарынан көрініп, ел қоржынына 1 күміс және 5 қола медаль салды.

Атап айтқанда, жұлқа көтеру бойынша жас жеткіншектер арасында өткен сайыста 53 келі салмақта сынға түскен Бекболат Амандық жалғыз күміс медальді жеңіп алды. Ал 58 келі салмақта өнер көрсеткен Бекболат Жарылқап қола медальға ие болды.
Ұзын цикл сайысы бойынша жасөспірімдер арасында өткен жарыстарда:
-
58 келіде Қуаныш Тастан,
-
63 келіде Еркебұлан Келдібаев,
-
68 келіде Ілияс Бахыт
үздік үштік қатарынан көрінді.
Сонымен қатар, жас жеткіншектер сынында 63 келіде сынға түскен Ернұр Нұрлыбай да қола медаль жеңіп алды.