«Түркістан–Самарқанд» бағыты бойынша әуе рейсі ашылды

«Түркістан–Самарқанд» бағыты бойынша жаңа әуе рейсі өз жұмысын бастады. Енді Астана қаласынан бастау алатын әуе қатынасы арқылы Түркістан арқылы Самарқандқа ыңғайлы транзитпен жетуге мүмкіндік бар.

Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Билет құны бір бағытқа 23 500 теңгеден басталады.

Бұл әуе бағыты Қазақстан мен Өзбекстанның тарихи әрі туристік қалалары – Түркістан мен Самарқандты байланыстырып, саяхатшылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Аталған рейстерді “Qazaq Air” әуе компаниясы жүзеге асырады.

Айта кетейік, Түркістан халықаралық әуежайы арқылы бүгінгі таңда халықаралық бағыттар бойынша Ыстамбұл, Абу-Даби және Эль-Кувейтке, ал республикаішілік Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Ақтөбе және Ақтау қалаларына тұрақты рейстер орындалып келеді.

Бұл фото ашық дереккөздерден алынды және тек ақпараттық мақсатта қолданылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *