Түркістан облысы, Созақ ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Созақ ауданындағы «Даңқ» мемориалында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Шара аясында Ұлы Отан соғысында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен жауынгерлерге құрмет көрсетіліп, олардың ерлігіне тағзым етілді.

Салтанатты рәсім барысында мемориалға гүл шоқтары қойылып, жиналған қауымға жеңіс ленталары таратылды. Сонымен қатар, майдан даласында қаза тапқандар мен бейбіт өмірде дүниеден өткен ардагерлердің рухына Құран бағышталды.

Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, ардагерлерге құрмет көрсету — әрбір ұрпақтың қасиетті парызы екенін атап өтті.

Шара барысында аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, жиынның рухани мәнін арттыра түсті. Мерекелік іс-шара елдік пен ерлікті дәріптеп, отансүйгіштік рухты нығайта түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *