Жабдықтар шығындарын өтеу: кәсіпорындар жаңа ынталандыру тетігінің артықшылығын пайдалана бастады

2024 жылғы 12 мамырдан бастап Қазақстанда алғаш рет өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар үшін технологиялық жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу тетігі іске қосылды. Жаңа бастама шеңберінде кәсіпорындар өз шығындарының 40 пайызына дейінгі бөлігін қайтарып алуға мүмкіндік алды.

Аталған қолдау шарасын «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ жүзеге асырып отыр. Ұйым бұл құралдың алғашқы жылдағы нәтижелерін жариялады.

«Шығындарды өтеудің жаңа тетігі іске қосылған сәттен бастап бір жыл ішінде біздің орталық жалпы сомасы 1,1 миллиард теңге көлемінде кәсіпорындардың технологиялық жабдық сатып алуға жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеді», – деп мәлімдеді QazIndustry АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы.

Кәсіпорындар бұл тетік арқылы 3D-сканерлер, 3D-принтерлер, кең форматты принтерлер және басқа да заманауи цифрлық шешімдер мен технологиялық жабдықтарды сатып алу шығындарының 40%-ын, бірақ 60 миллион теңгеден аспайтын көлемде өтеуге мүмкіндік алды.

Бұл қолдау отандық өндіріс орындарын технологиялық жаңғыртуға ынталандырып, өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды құралға айналуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *