М.Қозыбаев университетінде Аризона университетімен қос дипломдық білім беру бағдарламасы іске қосылды

Қазақстанның жоғары білім беру саласында жаңа бір серпіліс туындап отыр. Қозыбаев университеті мен АҚШ-тың Аризона университеті арасындағы серіктестік негізінде қос дипломдық білім беру бағдарламасы іске қосылды.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі – студенттерге Қазақстанда оқып, халықаралық деңгейдегі білім алу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік студенттерге әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес мамандар даярланатын болады.

Бағдарлама бойынша студенттер 4 жыл ішінде Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің дипломын алып, ағылшын тілінде білім алады. 4-курс студенттері АҚШ-тың Тусон қаласындағы Аризона университетінде білім алуды жалғастырады. Бұл оқу бағдарламаларының талаптары жаһандық IT нарығы мен биотехнология саласының талаптарына сай келеді.

Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің серіктестігі негізінде ашылған қос дипломдық бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін қалыптастыру, жоғары білікті мамандарды даярлау. Бұл бағдарламаның басты артықшылықтарының бірі – студенттерге халықаралық деңгейде мойындалған диплом алу мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, студенттер АҚШ-қа барып, сол жерде тәжірибе жинақтап, шетелдік мәдениетпен таныса алады.

Бұл бағдарлама Қазақстанда жоғары білім алғысы келетін студенттер үшін үлкен мүмкіндік болумен қатар, шетелдік студенттерге де қолжетімді. Шетел азаматтары ақылы негізде оқып, қабылдау емтихандары ағылшын тілінен тестілеу мен сұхбат арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстандық студенттер үшін: Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) мен ағылшын тілінен емтиханды сәтті тапсыру арқылы грант алу мүмкіндігі бар.

Шетелдік студенттер үшін: Бағдарлама ақылы негізде жүзеге асырылады, әрі икемді жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.

Бұл бастама – Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын арттыруға және студенттердің халықаралық деңгейде білім алуына мүмкіндік беру жолындағы маңызды қадам. Аризона университеті мен Қозыбаев университеті арасындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *