ШЫМКЕНТТІҢ ШАҒЫН АУДАНДАРЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕРДІ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

2020 жылы қаланың Қайнарбұлақ, Самал-3 шағын аудандарындағы 20-ға жуық көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде жұмысы ерте басталған кей жолдарға асфальт төселіп, халықтың игілігіне беруге дайын. Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шахардың шеткі шағынаудандардағы жол құрылысы жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Нақтырақ айтқанда, биыл Қайнарбұлақ шағынауданындағы Төлебай Құрсабек, Садовая секілді алты көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта қазынадан 997 милион теңгеден астам қаржы бөлінген.
«Атқарылып жатқан жұмыстарға елдің барлығы ризашылығын білдіріп, рақметін айтып жатыр. Десе де, әлі де атқарылар жұмыс көп. Жаңа құрылыс жақта жарық, су, газ мәселесі бар»,- дейді Қайнарбұлақтың ауыл биі Сегізбай Өскенбай.
«Оның бәрінен хабардармын. Бұл мәселелерді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешуді қарастырып жатырмыз. Мемлекет ақшаны біртіндеп бөліп, кезегімен жасап келеміз. Өйткені оның бәрін бірден жасауға мүмкіншілік жоқ. Сол себепті инфрақұрылым тез келуі үшін мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті де қарастырып жатырмын. Ол деген, білесіз, кәсіпкер өз ақшасына жасайды. Бірақ оған мемлекет әр жылы ақшасын қайтарып беріп отырады. Соны қазір есептеп, қарап жатырмыз. Егер қатысам дейтін азаматтар болса, мердігерлерді осы жұмыстарға қосамыз. Сонда мәселе ертерек шешіледі»,- деп жауап берді Мұрат Әйтенов.
Ал Самал-3 шағын ауданындағы 12 көшеге де биыл орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жоспарды жүзеге асыру үшін бюджеттен 667 миллион теңгеден астам қаржы қаралып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *