ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ КІРПІШ ҚАЛАДЫ

Қаламыздағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы салынған. Нысан 300 орындық. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың алғашқы кірпішін Мұрат Дүйсенбекұлы қалады.

Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектепке барды. 750 орынға арналған білім беру мекемесі 1963 жылы салынған. Бұл нысанның құрылысын «Өмірзақ» ЖШС жүргізіп жатыр. Мұнда 300 орындық қосымша ғимарат бой көтереді. Мектеп ел игілігіне 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *