Қазақстанның қыздар құрамасы бокстан U22 Азия чемпионатында тарихи жеңіске жетті

Шри-Ланкада өтіп жатқан бокстан U22 Азия чемпионатында Қазақстанның қыздар құрамасы зор жетістікке қол жеткізді. Бапкер Жанкелді Ахметов жетекшілік еткен ұлттық құраманың 12 боксшысы да финалға шығып, қарсыластарын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Бұл бәсекеге Азия құрлығының 21 елінен спортшылар қатысты. Жарысқа қатысқан елдер қатарында: Қазақстан, Ауғанстан, Австралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғызстан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам бар. Чемпионатта 12 салмақта жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстан құрамасының чемпиондары:

  • 48 келі – Айым Таңқыбаева
  • 50 келі – Сила Биболсынқызы
  • 52 келі – Рахмина Абдумежитова
  • 54 келі – Жанель Имантаева
  • 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали
  • 60 келі – Толғанай Қасымхан
  • 63 келі – Алина Құдайгенова
  • 66 келі – Ақбота Есімбекова
  • 70 келі – Мария Сидоренко
  • 75 келі – Зарина Толыбай
  • 81 келі – Құралай Егінбайқызы
  • +81 келі – Сабина Жақсылық

Бұл жеңіс Қазақстанның бокстағы күшті дәстүрін әрі қарай нығайтып, жас спортшылардың жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылысын арттырады. Құрметті боксшыларымыздың жанкүйерлері бұл жеңісті зор қуанышпен қабылдап, келешекте тағы да көптеген жеңістер күтуде.

Енді жастар санаты бойынша ұлдар арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *