Шымкенттегі Орталық кітапханада «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты балалар сурет байқауы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Қазақстанның Бала құқықтары туралы Конвенциясына сәйкес, «Қазақстан балалары» онкүндігінің аясында және Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілді.

Байқаудың мақсаты – отбасы мен ата-ана құндылықтарын дәріптеу, балаларды алғыс айтуға, құрмет көрсетуге тәрбиелеу, сондай-ақ олардың шығармашылық белсенділігін арттырып, эстетикалық сезімін дамыту.
Іс-шараға №2 музыкалық мектебінің оқушылары, Арт Студия «Солнышко»-ның тәрбиеленушілері, қала мектептерінің белсенді оқырмандары мен қонақтары қатысты. Сонымен қатар, «Отбасым – байлығым» атты ата-аналармен және ұстаздармен сұхбат сағаты ұйымдастырылды. Байқау барысында оқушылар «Отбасы – бақыт мекені» атты әдеби композиция көрсетіп, «Әке, ана, сіздерге мың алғыс» тақырыбында отбасыларына жүрекжарды алғыстарын жолдады.
Байқаудың шарты бойынша отбасының құндылықтары мен дәстүрлерін бейнелеген ең әдемі, ең мағыналы сурет иелері «Үздік сурет», «Ең әсерлі сурет», «Мейірімге толы сурет», «Жанұя жылуы» сияқты номинацияларға ие болды.