«Өрт-2025» республикалық оқу-жаттығуы басталды

2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Іс-шараның мақсаты – азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі әрекеттеріне дайындығын арттыру.

Оқу-жаттығу Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» МОТР РММ Майқарағай орманшылығының аумағында өтуде. Іс-шараға Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев, облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғұжинов, сондай-ақ Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен азаматтық қорғау қызметінің өкілдері қатысуда.

«Өрт-2025» оқу-жаттығуының бірінші кезеңі 09:00-де басталды. «Дабыл-1001» сигналы бойынша дайындық басталып, өрттерді жоюға арналған шешімдер қабылданды. Оқу-жаттығуға 350 қызметкер, 63 техника бірлігі, оның ішінде арнайы техника, ҰҰА және 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ әрбір ведомство үшін жеке айқындалған тиісті кіріспе бойынша азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *