Шымкентте шомылу маусымының басталуына орай су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Жастар ресурстық орталығы» мен Төтенше жағдайлар департаменті «Birgemiz Umit» жобасы аясында арнайы шомылу орындарында тұрғындарға қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, жадынамалар таратып, ескерту белгілерін орнатты.

Қалада шомылуға рұқсат етілген үш орын мен 20-ға жуық аквапарк және бассейн жұмыс істейді. Судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылып, тыйым салынған жерлерде балалардың қараусыз жүруіне жол бермеу шаралары қолға алынуда.
Мектептерде оқушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету, алғашқы көмек көрсету ережелері түсіндіріліп жатыр.
2025 жылы шомылу маусымының қауіпсіз өтуі үшін:
-
тұрақты рейдтер жүргізу,
-
қауіпті аймақтарда ескерту белгілерін орнату,
-
жүзу курстарын ұйымдастыру,
-
ата-аналардың жауапкершілігін арттыру бағытында іс-шаралар жалғасады.
Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті билік волонтерлармен бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырмақ.