Жезқазғанда қайта өңдеу цехтары салынады

Экологиялық ахуалды жақсарту және қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Жасыл даму» акционерлік қоғамы Жезқазған қаласында қалдықтарды қайта өңдеу цехтарын салу жобасын қолдады. Жобаны «DD-jol» ЖШС жүзеге асырады.

2019 жылдан бері Балқаш және Жезқазған қалаларында жұмыс істеп келе жатқан компания жаңа жоба аясында әрқайсысының ауданы 600 шаршы метр болатын төрт қайта өңдеу цехын салуды жоспарлап отыр. Онда қағаз қалдықтарын, резина-техникалық бұйымдарды өңдеу және қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жүзеге асырылады. Бұл Сәтбаев пен Жезқазған қалаларындағы қалдықтарды өңдеу деңгейін арттырып, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға сеп болады.

Жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жылдық 3% мөлшерлемемен, 15 жылға дейінгі мерзімге қаржыландырылады. Қаржы көзі — утилизациялық төлем қаражаты. Жобаның жалпы құны — 705,5 млн теңге. Бұл қаражат қағаз және резина қалдықтарын өңдеу кешендеріне, ҚТҚ сұрыптау желісіне, арнайы техника мен тиегіштерге жұмсалады.

Жоба нәтижесінде:

  • Ұлытау өңірінде экологиялық жағдай жақсарады;
  • Өңдеуші өнеркәсіп үлесі артады;
  • 24-тен астам жаңа жұмыс орны ашылады.

«Жасыл даму» АҚ утилизациялық төлем есебінен қаржыландырылған жобаларға ақпараттық қолдау көрсетуді жалғастырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *