Ел аумағында шегірткеге қарсы күрес қарқын алды

Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шаралары белсенді жүргізілуде,  деп хабарлайды Bozyq.kz. Ауыл шарушылығы  министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2025 жылғы 31 мамырдағы жедел мәліметіне сәйкес, республика бойынша 5,6 млн гектар жер зерттеліп, 844 мың гектарға химиялық өңдеу жүргізілді.

Өңірлердегі ахуал қандай?

Ең ауқымды жұмыстар Түркістан облысында атқарылып, 371 786 гектар алқап марокко шегірткесіне қарсы өңделді. Қазір соңғы тазарту шаралары жүргізілуде.
Жамбыл облысында марокко шегірткесіне қарсы өңдеу толығымен аяқталған. Алайда итальяндық прусқа қарсы жұмыстар 27 898 гектар жерді қамтып, жалғасып жатыр.

15 өңірде – сақтық шарасы іске асырылып жатыр.

Үйірлі шегірткеге қарсы іс-шаралар еліміздің 15 облысында іске асырылып жатыр. Биыл зиянкестердің 2,1 млн гектарға дейін жайылуы мүмкін деген болжам бар. Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары шегіртке қаупі жоғары өңірлер ретінде белгіленген.

Күреске 443 арнайы техника, оның ішінде 55 жеңіл авиация ұшағы мен 49 дрон тартылған. Жергілікті жұмыстарды облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар үйлестіріп отыр. Жалпы, шегірткемен күреске 4 625 маман жұмылдырылған.

Ауыл шаруашылығы жерлерін шегіртке басу қаупіне байланысты мониторинг пен күрес шаралары жоспарға сай жалғасуда. Мамандар бұл шаралардың егіс алқаптарының сақталуына және ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне жол бермейтінін атап өтуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *