«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ аумақтарды кешенді құрылыс жобаларын қаржыландырудың жаңа тетігін іске қосты.

Қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 1 маусымнан бастап homeportal.kz платформасы арқылы қабылданады.
Жаңа қаржыландыру тетігі не үшін қажет?
Бұл құрал өңірлерде тұрғын үй құрылысын қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға және заманауи, жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Жоба Астана мен Алматыны қоса алғанда, жаңа тұрғын үй аудандары мен реновация бағдарламаларын қамтиды.
Қаржыландыру кімге беріледі?
Қаржыландыру жеке құрылыс салушыларға бекітілген мастер-жоспар аясында тұрғын үй мен оған ілеспе инфрақұрылым нысандарын салу үшін беріледі. Әрленген пәтерлер белгіленген бағада сатылып немесе әкімдіктердің кезекте тұрған азаматтарына сатып алу құқығымен жалға беріледі.
Қаржыландыру шарттары:
- Сомасы: 100 млн теңгеден бастап, жоба құнының 30%-на дейін;
- Мөлшерлеме: 12,6% (уәкілетті орган бекітеді);
- Мерзімі: 36 айға дейін;
- Жеңілдік кезеңі: негізгі қарыз бойынша – 18 айға дейін, сыйақы бойынша – 12 айға дейін;
- Қамтамасыз ету: жылжымайтын мүлік кепілімен;
- Міндетті талаптар: құрылыс салушының тәжірибесі, жер телімінің болуы және кешенді құрылыс стандарттарының сақталуы.
ҚТК мәліметінше, бұл бастама тұрғын үй нарығындағы белсенділікті арттырып, құрылыс саласын жүйелі дамытуға серпін береді. Бағдарлама талаптарына сай келетін құрылыс компаниялары жаңа тетік арқылы қаржылық қолдауға ие бола алады.