Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьге барады

Түркістан облысында биылғы жазда 439 мыңнан астам мектеп оқушысының 93,5%-ы жазғы демалыспен қамтылады. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бюджет есебінен 10 мемлекеттік және 21 жекеменшік лагерьде 41 мыңнан астам бала демалады. Қалған оқушылар мектеп жанындағы лагерьлер, экскурсиялар мен танымдық шаралар арқылы қамтылады. Туристік бағыттағы 1 күндік жорықтар мен экскурсияларға 75 мыңнан астам оқушы қатысады деп жоспарланған.

Биыл алғаш рет облыста модульдік жатақханалар арқылы лагерлердің сыйымдылығы арттырылып отыр. Нақтырақ айтқанда, 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана орнатылып, 7 500-ден астам қосымша орын ашылған.

Жекеменшік лагерлерге оқушыларды қабылдау үшін 8 ауданнан 11 500 балаға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жеңімпаздар анықталған. Жалпы, мемлекеттік және жеке меншік лагерлерде 35 338 бала демалатын болады.

Мемлекет тарапынан әрбір балаға 59 077 теңгеден бөлініп отыр. Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қорының есебінен 2 465 бала, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына 420 бала, ал ата-аналар есебінен 5 мыңға жуық бала жазғы лагерьлерге барады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *