Түркістан облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мәжіліс өткізді

Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Т.Қозбеков, Б.Тәжібаев, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ә.Бектұрғанов, комиссия мүшелері Б.Сүлейменов, Т.Садуов, У.Рахиев, Қ.Салыбек, Қ.Жантөреева, Ғ.Елшібаев, Б.Басымбек, Ж.Темірбекова, Ж.Туламетов, М.Манапов, Б.Байғараев, Б.Шойбеков, Ж.Құрақбаев, Х.Әшірбеков және күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.  Жиында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, облыс әкімдігі мен тексеру комиссиясының өткен жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері тыңдалды. Сонымен қатар жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметі, облыстық бюджетті нақтылау, аумақтық сайлау комиссиясы құрамына өзгерістер енгізу және облыс әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың дербес құрамдарын бекіту және өзгерту мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында Кентау қаласындағы кейбір көшелерге атау беру және қайта атау, Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу және азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық ем кезінде тегін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы ұсыныстар қаралды.

Сондай-ақ, Түркістан облыстық мәслихатының алдағы сессиясының жұмысшы органдарының құрамы жөніндегі ұсыныстар да енгізілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз пікірлерін білдіріп, ұсынылған мәселелерді сессия қарауына шығару туралы шешім қабылдады.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *