Шымкенттік оқушылар Дубайда өткен халықаралық LEGO жарысында жеңімпаз атанды!

Шымкент қаласындағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының “Nauryz” командасы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен Dubai FIRST Off-Season аясындағы FIRST LEGO League Challenge халықаралық жарысында “CORE VALUES AWARD WINNER” номинациясы бойынша 1-орынды иеленді!


Аталмыш байқау 2025 жылғы 24–28 маусым аралығында қолданбалы ғылым, технология және инновациялық білімге бағытталған жетекші оқу орындарының бірі — Rochester Institute of Technology (RIT) Dubai базасында өтті.

Команда құрамы:

  • Команда жетекшісі: Тастанбек Беклан Момынбайұлы
  • Команда мүшелері: Абай Іңкәр, Нұрсұлтан Аян, Қожамұрат Айсұлтан

Бұл жеңіс — жас өрендердің білімге, ғылым мен технологияға деген қызығушылығы мен табандылығының нәтижесі. Команданы және олардың жетекшісін жеңісімен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *