Сотқа дейінгі тергеп-тексеру: цифрлық форматқа көшу

Бүгінде еліміздегі қылмыстық процесс кезең-кезеңімен цифрландыруға көшіп жатыр. Бұл бағыт – Қазақстанның қылмыстық саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады және заңдылық, жариялылық, жеделдік пен толықтық қағидаттарын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.


Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Комитет) ақпараттық жүйелерді жаңғырту мен жетілдіруді, Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмаларын сапалы орындауды басты міндет ретінде көздеп отыр.

Цифрлық жүйеге көшу аясында qamqor.gov.kz порталында сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің «Жария секторы» ішкі жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе қылмыстық процестің қатысушыларына қылмыстық қудалау органдарымен қашықтан өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

«Жария сектордың» артықшылықтары:
• Қылмыстық процеске қатысушыларға толық әрі уақтылы ақпарат беріледі;
• Құжаттарды беру және алу мерзімдері қысқарады;
• Құжат айналымына кететін шығындар азаяды;
• Қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштер мен өтінішхаттарды электронды түрде ұсынуға болады;
• Бұрын берілген өтініштердің мәртебесі туралы ақпарат қолжетімді болады;
• Іс жүргізу материалдарымен танысу құқықтары электронды түрде беріледі.

Жүйенің қауіпсіздігі мен құпиялығы толық сақталады. Қатысушылар (күдікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші, азаматтық талапкер және өзге де тараптар) qamqor.gov.kz арқылы өз істері бойынша мәліметтерге қол жеткізіп, шағымдар мен өтініштерін электронды түрде жолдай алады.

Айта кету керек, жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттері туралы деректер бұл жүйеде жарияланбайды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

#Заң_мен_Тәртіп #Zakon_i_Poryadok

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *