(10.05.2020 жылғы сағат 13:00-дағы мәлімет бойынша)
Вирус жұқтырған 1987, 1988, 1994 жылы туған азаматтар ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған және 1955 жылы туған ер кісі өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
10.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 233 адам анықталды.