Мақтаарал ауданына қарасты Нұрлыжол ауылына да су басу қаупі төнген болатын. Орталыққа жауапкершілік Шардара ауданының әкімдігіне бекітілген.
Нұрлыжол ауылын тасқыннан аман алып қалу үшін Шардара ауданы, ауыл тұрғындары аянбай еңбек етіп уақытша су бөгетін көтерді. Нәтижесінде, ауылдағы 120 үйдің біреуіне де су өтпеді. Ауылды тасқыннан құтқару кезінде бастан-аяқ атсалысқан Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлына ауыл тұрғындары дән риза. Дер кезінде бөгет жасап, шапшаң қимылдаған шардаралықтарға алғыстан басқа айтары жоқ.
BOZYQ.KZ