Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.


Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсене атсалысты. Қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстау, экологияны қорғау, туған жерге жанашырлық таныту бағытында бірлесе еңбек етті.

Сенбілік барысында қоғамдық орындар, көшелер, саябақтар мен өзен жағалаулары қоқыстан тазартылып, аумақ абаттандырылды. Бұл шара азаматтық белсенділіктің, ортақ жауапкершіліктің нақты үлгісі ретінде өтті.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, экологиялық бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *