Қазақстанда биылғы 20 шілде – Металлургтер күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн – ел экономикасының іргетасын қалаған сала мамандарына деген құрметтің белгісі.

Бүгінде металлургия – Қазақстанның жетекші әрі болашағы зор салаларының бірі. Шілде айының әр үшінші жексенбісінде елімізде металл өндірісіне үлес қосып жүрген мамандар – болат қорытушылар, құюшылар, домен пешінің операторлары, темір ұсталары, прокатшылар мен қалыптаушылар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күн металлургия саласына қатысы бар өзге де мамандық иелерін біріктіретін ортақ мереке болып саналады.
Мерекені тек өндіріс мамандары ғана емес, сонымен қатар бейінді ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, кеншілер мен сала ғалымдары да атап өтеді.
Қазақстанда Металлург күні 2003 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен ресми түрде бекітілген болатын. Осы сәттен бастап елде бұл кәсіби мерекені шілденің үшінші жексенбісінде атап өту дәстүрге айналды.