АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форум аясында Қазақстан делегациясының басшысы, Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілі Ивана Живковичпен кездесті.

Кездесуде Асан Дарбаев Қазақстан мен БҰҰДБ арасындағы серіктестікті жоғары бағалап, Астанадағы ұйым кеңсесінің жұмысына алғыс білдірді. Ол өңірлерде БҰҰДБ жобаларының кеңейіп келе жатқанын және Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) жергілікті деңгейде жүзеге асыру бағытындағы қолдауды ерекше атап өтті.
Сондай-ақ вице-министр Қазақстанның ерікті ұлттық шолуларын әзірлеуде БҰҰДБ көрсеткен техникалық және сараптамалық көмегі үшін ризашылығын білдірді.
Тараптар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдеріне арналған ОДМ бойынша өңірлік орталық ашу мәселесін талқылады. Асан Дарбаев бұл бастама тұрақты дамуға бағытталған жобаларды үйлестіретін маңызды алаң болатынын айтты.
Ивана Живкович Қазақстанның ОДМ-ға қол жеткізу жолындағы табанды ұстанымын атап өтіп, БҰҰДБ-ның елімізге қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Өз кезегінде Ивана Живкович үшінші Ерікті ұлттық шолудың тұсаукесерімен және Орталық Азия мен Ауғанстанда ОДМ-ға қол жеткізу жөніндегі өңірлік орталықтың құрылуы арқылы көрсетілген ОДМ-ға қол жеткізудегі Қазақстанның берік міндеттемесін атап өтіп, БҰҰДБ-ның Қазақстанның тұрақты дамуына қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екенін тілге тиек етті.