Алдағы үш жыл ішінде республика бойынша 1231 мектеп жаңғыртылмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде бірыңғай әрі заманауи мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған кең ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл бастама еліміздің әр өңіріндегі білім беру мекемелерін заманауи стандарттарға сай келтіруді көздейді.

Алдағы үш жыл ішінде республика бойынша 1231 мектеп жаңғыртылмақ. Биылдың өзінде 245 білім ұясында кешенді жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бұл оқу орындарының басым бөлігі – ауылдық жерлерде орналасқан. Жаңғыртылып жатқан мектептердің 146-сы ауылда, 99-ы қалада орналасқан.

Мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, кейбірі толықтай қайта жаңғыртылады. Жобаның жүзеге асуы 100 мыңға жуық оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жаңарту жұмыстары заман талабына сай тоғыз бағытты қамтиды. Ең алдымен, мектеп ғимараттарының ішкі-сыртқы келбеті жаңарып, пәндік кабинеттер жаңа жабдықтармен қамтылады. Оқу жиһаздары түгелдей жаңартылып, мектептер жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық интернет желісіне қосылады. Сонымен қатар спорт залдары, кітапханалар мен асханалар толық жөндеуден өтеді. Қауіпсіздік жүйелері орнатылып, бейнебақылау, дабыл және өртке қарсы құрылғылар қойылады. Мектеп аумақтары да заманауи абаттандыру талаптарына сай ретке келтіріледі.

Ауыл мектептеріне айрықша көңіл бөлінуі — қала мен ауыл арасындағы білім беру теңсіздігін жоюға бағытталған маңызды бастама. Елдің қай өңірінде тұрса да, әр бала сапалы білім алып, дамуға бірдей мүмкіндікке ие болуы тиіс. Бұл — мемлекеттің басты ұстанымдарының бірі.

Шымкентте «Келешек  мектеп» ұлттық жобасын аясында  аясында  11 мектеп пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында тағы үш мектеп ашылады. Сонымен қатар 10 білім беру ұйымының ғимараты күрделі жөндеуден өтуде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *