Астана — жаһандық технологиялар орталығына айналады

2025 жылдың 2-4 қазанында Астана қаласында Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум — Digital Bridge 2025 өтеді. Форумды Astana Hub, ҚР Цифрлық даму министрлігі және Астана әкімдігі бірлесіп ұйымдастырады.

Digital Bridge — цифрлық технологиялар, стартаптар және жасанды интеллект салаларындағы жаһандық трендтерді талқылайтын маңызды алаң. Шара алғаш ұйымдастырылған күннен бастап Еуразия кеңістігіндегі жетекші технологиялық оқиға ретінде танылды. Бұған дейін форумға 100-ден аса елден 67 мыңнан астам қатысушы келген.

Биылғы форумның басты тақырыбы — Generative Nation. Бұл — Қазақстанның технологияны тұтынушыдан оны өндіруші елге айналу жолындағы стратегиялық бастамасы. Generative Nation тұжырымдамасы жасанды интеллект, инновация және адами капиталға негізделген білім қоғамын құруды көздейді.

Форум аясында:

ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады;

Generative Nation Pitch байқауының финалы өтеді;

Astana Hub Battle және Startup Alley көрмесі ұйымдастырылады;

Digital Bridge Awards 8 номинация бойынша табысталады;

Жетекші сарапшылар қатысатын панельдік сессиялар, пікірталастар мен мастер-кластар өтеді.

Сонымен қатар, 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында AI Week апталығы өтеді. Бұл — жасанды интеллект саласындағы білім мен ғылым, саясат пен инвестицияны тоғыстыратын кең платформа. Апта бойы ашық дәрістер, deep tech-сессиялар, workshop және мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Форум үш күн бойы ондаған панельдік сессиялар мен іскерлік кездесулерге толы болады. Digital Bridge — Қазақстанды Еуропа мен Азияны байланыстыратын технологиялық хаб ретінде нығайтатын стратегиялық платформа.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *