Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылды

1–14 тамыз аралығында Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шара өтуде. Іс-шараның мақсаты – қала аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық және құқықтық мәдениетін арттыру.

Ауқымды шара Шымкент қалалық полиция департаменті мен қала әкімдігінің бірлесуімен жүзеге асуда. Қала көшелерінде, аулалар мен саябақтарда күнделікті рейдтер жүргізіліп, құқық бұзушылық фактілері тіркелуде.

Іс-шара барысында бірқатар азаматтар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері санитариялық талаптарды өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда тыныштықты бұзған тұрғындарға қатысты да заң шеңберінде тиісті шаралар қабылданды.

Мәселен, кейбір тұрғындар қоқысты арнайы белгіленбеген орындарға төгіп, қаланың экологиялық келбетіне зиян келтірген. Ал кейбір кәсіпкерлер өз нысандарының айналасын таза ұстауға немқұрайлы қарап, қала тазалығына салғырттық танытқан. Мұндай әрекеттер қоғамда теріс үлгі болатыны анық. Сондықтан құзырлы органдар бұл мәселеге бейжай қарамай, әрбір дерек бойынша шара қолдануда.

Қоғамдық сана – тұрақты тәртіптің негізі

«Таза Қала» акциясы – бір реттік науқан емес, бұл ұзақмерзімді қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған қозғалыс. Қаланың әр тұрғыны тазалық пен тәртіпті сақтау арқылы өз ортасына үлгі бола алады. Экологиялық мәдениет – адамның қоршаған ортаға деген құрметінен басталады. Бұл – тек әкімдік пен полицияның емес, баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қала тазалығы – әр адамның күнделікті дағдысынан, жауапкершілігінен және ниетінен басталады.
Естеріңізге сала кетейік, қоршаған ортаны ластау, қоқыс төгу, тыныштықты бұзу ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес жазаланады. Бұл заң тек жазалау емес, тәртіпке шақыру мақсатында қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *