Жыл сайынғы дәстүрге сай, мектеп түлектері үшін ең шешуші кезең – мемлекеттік білім беру гранты конкурсының нәтижесі. Бұл – болашақ студенттің тағдырын айқындайтын, үлкен үміт пен толқу кезеңі. 2025–2026 оқу жылына арналған мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі көп күттірмей, жақын арада жарияланады. Осы ретте, талапкерлер мен олардың ата-аналарынан «Грант конкурсының нәтижелерін қайдан көруге болады?» деген сұрақ жиі түсуде. Біз сіздерге тек ресми және сенімді ақпарат көздерін ұсынамыз. Грант конкурсының қорытындысы осы платформаларда алғашқылардың бірі болып жарияланады,-деп хабарлайды Bozyq.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
✅ https://www.facebook.com/sayasat
✅ https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:
✅ https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
✅ https://t.me/gylym_jogary_bilim
✅ https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
✅ https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/
Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:
✅ https://www.instagram.com/testcenterkz/
✅ https://www.facebook.com/testcenterkz.
Грант иегерлерінің толық тізімі 10 тамызға дейін жариялануы жоспарланған. Ақпарат шыққаннан кейін, талапкерлер өз ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) арқылы нәтижесін тексере алады. Бұл тізімдер әдетте pdf немесе іздеу жүйесі арқылы қолжетімді форматта ұсынылады.
Айта кетейік, Шымкентте 2024–2025 оқу жылын 269 мыңнан астам оқушы аяқтады. Биыл 650 түлек «Алтын белгі» иегері атанды.
Шымкент қаласында 2024–2025 оқу жылы сәтті аяқталып, білім ошақтарында мыңдаған оқушы қорытынды аттестация мен емтихандардан өтті. Қала аумағында жалпы саны 290 мектеп жұмыс істейді. Оларда білім алған 269 358 оқушы оқу жылын табысты тәмамдады.