Шымкент әкімдігі талапкерлерге 285 білім грантын бөлді

Шымкент қаласында 2025–2026 оқу жылына арналған жергілікті атқарушы органның білім беру гранттары бекітілді.

2025–2026 оқу жылына арналған жергілікті білім беру гранттары Шымкент қаласында ресми түрде бекітілді. Биыл қала әкімдігі 285 грант бөліп отыр. Бұл – республикалық грант конкурсында өте алмаған талапкерлер үшін жоғары білім алуға берілетін екінші мүмкіндік.

Мамандықтар мен бағыттар бойынша бөлінісі:
-6B01 Педагогикалық ғылымдар – 20 орын;
-6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар – 33 орын;
-6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 6 орын;
-6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 40 орын;
-6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 105 орын;
-6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 68 орын;
-6B10 Денсаулық сақтау – 1 орын;
-6B11 Қызмет көрсету – 12 орын.

Гранттар өңірдің кадрлық қажеттілігіне сай, нақты сұранысқа ие мамандықтар бойынша бөлінеді. Аталған бастама қала жастарына жоғары білімге қол жеткізуге қосымша жағдай жасап, кәсіби мамандар пулын қалыптастыруға бағытталған.

Гранттар конкурсы 2025 жылғы 7–8 тамыз күндері өтеді. Байқауға қатысу үшін талапкерлер қаладағы жоғары оқу орындарына құжат тапсырып, арнайы өтініш беруі тиіс. Басты талап – талапкердің ҰБТ-дан шекті балл жинауы. Конкурс нәтижесі бойынша ЖОО-лардың тізімі, білім беру бағдарламалары және бөлінетін гранттар саны нақтыланады. Нәтижелер Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында және оқу орындарының ақпараттық ресурстарында жарияланады.

Жергілікті білім беру гранттары – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандықтар бойынша кадр тапшылығын азайту, жастарды өңірде оқыту және тұрақты жұмыс күші ретінде қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік қолдау тетігі.

Әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерге қолдау көрсету мақсатында бағытталады. Бұл бастама арқылы қала жастары өз өңірінде білім алып, болашақта туған қаласының өркендеуіне үлес қосуға мүмкіндік алады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *