«Лу Бань» шеберханасы – халықаралық білім мен технологиялық серпілістің орталығы

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі (ШҚТУ) «Лу Бань» шеберханасы – заманауи көлік технологияларын меңгеруге, халықаралық инженерлік білім алуға мүмкіндік беретін зияткерлік орталық. Бұл – теорияны тәжірибемен ұштастыратын бірегей платформа.

Бүгінде шеберханада Қазақстаннан бөлек, Нигерия, Пәкістан, Египет секілді елдерден келген жастар білім алуда. Мәселен, нигериялық магистрант Даниэль Дамиларе Эммануэль «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» бағыты бойынша оқиды. Ол бұл орталықты – заманауи электромобильдер мен нақты тәжірибеге негізделген білім алаңы деп бағалайды.

Пәкістандық студент Ибтасам Умар Алтаф Шейх Саиф ур Рехман «Механика және металл өңдеу» бағдарламасында білім алуда. Оның айтуынша, ШҚТУ индустриямен тығыз байланыста және болашақ технологияларды қолмен ұстап көруге мүмкіндік береді.

«Лу Бань» шеберханасы – еліміздегі ең заманауи жабдықталған оқу алаңдарының бірі. Мұнда Tesla, BYD, Zeekr, Lixiang электромобильдері, автономды көлік платформалары, диагностикалық жүйелер және гибридті қондырғылармен жұмыс жүргізіледі.

Студенттер мынадай бағдарламалар бойынша оқиды:

  • Көлік, көлік техникасы және технологиялары
  • Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік құралдарын пайдалану
  • Көлік машина жасауындағы смарт технологиялар мен жасанды интеллект
  • Механика және металл өңдеу

Бағдарламалар дуалды оқыту негізінде құрылған – студенттер теориялық білімін нақты өндірісте қолдана алады. Сонымен қатар, өңір зауыттары мамандары да осы шеберханада кәсіби біліктіліктерін арттыруда.

ШҚТУ шетелдік студенттер үшін де тартымды. Египеттен келген жастар Foundation бағдарламасын аяқтап, білімдерін осында жалғастыруды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *