Қытай Халық Республикасының Макао қаласында 2025 жылғы 7–10 тамыз аралығында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық робототехника чемпионатында қазақстандық оқушылар айрықша табысқа қол жеткізді.

Азия құрлығындағы ең ірі зияткерлік додаға айналған бұл жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 500-ден астам команда мен 12 мыңнан аса қатысушы жиналды. Биылғы чемпионаттың тақырыбы — «Су асты әлемін зерттеу».
Қазақстан атынан қатысқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы мен инновациялық шығармашылық орталықтардың оқушылары жоғары инженерлік дайындық, креативтілік пен командалық үйлесімділік танытып, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғады.
Жалпы қорытынды бойынша отандық командалар 2 қола медаль және 6 арнайы төрешілер жүлдесін иеленді:
Қола медаль:
Champions Award — Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (Explore санаты, 6–10 жас);
Champions Award — Орал қаласының Оқушылар сарайының «Subsquad» командасы (Challenge санаты, 10–16 жас).
Арнайы жүлделер:
Innovation Project Award — Алматы қаласындағы №97 мектептің Nova Team командасы;
Core Values Award — Leas оқу орталығының Alliance командасы;
Challenge Solution Award және Innovation Project Award — Түркістан облысындағы №33 мектептің AquaBots командасы;
Core Values Award және Engineering Excellence Award — Шымкент қаласындағы №149 мектептің Yassi командасы;
Challenge Solution Award — Қызылорда облысындағы №290 мектептің OtAi командасы;
Team Poster Award — Алматы қаласындағы №97 мектептің Arctic Rescuers командасы;
Team Model Award — Алматы қаласындағы «Alem» инновациялық шығармашылық орталығының Alem Innovators командасы.
Оқушылардың бұл жеңісі — Қазақстандағы білім беру жүйесінің, әсіресе техникалық және шығармашылық бағыттағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді.
«Келешек мектептері» мен инновациялық орталықтарда жүргізіліп жатқан STEM-білім беру жобаларының нәтижесі ретінде бұл жетістіктер болашақ жас ғалымдар мен инженерлердің қалыптасуына жол ашатыны сөзсіз.