Шымкент қаласы білім басқармасының кезекті аппараттық мәжілісі өтті

Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменованың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс онлайн форматта (ZOOM платформасы арқылы) ұйымдастырылды. Жиынға басқарма құрылымдық бөлімдерінің басшылары, әдістемелік орталық өкілдері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Мәжіліс барысында білім беру жүйесінің өзекті бағыттары мен проблемалық мәселелері жан-жақты талқыланды. Әр сала жетекшісі өз бағытындағы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге нақты жоспарлар ұсынды.

Басқарма басшысының орынбасары Жанар Сатыбалдықызы Қасымова техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысының орындалу барысына тоқталып, маңызды деректермен бөлісті.

Ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Мықтыбек Ерланұлы Нарботаев педагог кадрларды жұмысқа қабылдау мәселесін көтеріп, іріктеу үдерісінің әділ әрі тиімді болуын қамтамасыз ету бағытында ұсыныстарын жеткізді.

Жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Сманқызы Тұрсынова ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес, оқушыларды атаулы әлеуметтік көмекпен қамту шаралары жөнінде баяндама жасап, оның орындалу деңгейіне талдау жүргізді.

Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Күлзина Ерсеитқызы Уалиханова «Индиго» және Ұлттық білім беру деректер қоры (НОБД) платформалары арасындағы өзара байланыс пен олардың тиімділігіне тоқталып, цифрлық жүйелердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Жиын соңында Гүлназ Төрәліқызы Сүлейменова талқыланған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, білім саласындағы жұмыстардың сапалы әрі жүйелі атқарылуы керектігін баса айтты. Сонымен қатар, әрбір бөлім мен ұйым басшысына өз міндеттері аясында нәтижеге бағытталған іс-шараларды қолға алу жүктелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *