«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұстаздардың қалалық Тамыз кеңесінің техникалық және кәсіптік білім беру саласы педагогтерінің панелдік секциясы өтті

Шымкент қаласында М. Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұстаздардың қалалық Тамыз кеңесінің техникалық және кәсіптік білім беру саласы педагогтерінің панелдік секциясы ұйымдастырылды. Бұл маңызды іс-шараға 300-ден астам педагог және білім саласының мамандары қатысты.

Пленарлық отырысты ашқан Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сатыбалдықызы Қасымова қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім саласын одан әрі дамытудағы негізгі басым бағыттарды атап өтті. Оның сөзінде педагогтардың кәсіби өсуі мен оқыту сапасын жақсарту бағытындағы өзекті мәселелерге ерекше мән берілді.

Кеңес барысында төрт негізгі панелдік сессия өткізілді.

Панелдік сессиялар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру процесін жетілдірудің жаңа тәсілдері мен инновациялық әдістері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, оқыту мен тәрбие жұмыстарын сапалы ұйымдастыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.

Кеңестің қорытындысында барлық секциялар бойынша жасалған ұсыныстар бір жүйеге келтіріліп, алдағы оқу жылында іске асыруға арналған ортақ жоспар бекітілді. Бұл шешімдер білім беру саласындағы жаңашылдықтарды енгізуге, педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыруға және студенттердің сапалы білім алуына негіз болады.

Шымкент қаласындағы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» қалалық тамыз кеңесі – білім саласында кәсіби диалог орнатып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң ретінде танылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *