Қазақстанда төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Алайда, карантин режимі жалғасуда. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша ойын-сауық, көңіл көтеру шараларын, нақты айтқанда той жасауға рұқсат жоқ.
Бұл туралы Мемлекеттік комиссия мен ҚР бас санитар дәрігерінің берген мәлімдемесінде айтылды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында карантин эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша созылады. Ал, Шымкент қаласында карантин 25 мамырға дейін ұзартылған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін карантин талаптарын сақтамаған Маңғыстау тұрғындарына кешкі сағат 19:00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салын болатын. Сол себепті, тұрғындар карантин талаптарын неғұрлым қатаң сақтаса, соғұрлым той жасауға ерте рұқсат етіледі. Қысқасы, тойдың жыры шаһар тұрғындарына тікелей байланысты боп тұр.
Bozyq.kz