2020 жылдан бастап экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлдар 10 есеге артты. Бұл туралы қалалық Экология департаментінің басшысы Оразғали Егембердиев брифингте мәлімдеді.
Департамент қызметкерлері 2020 жылдың 4 айында түскен арыз-шағымдар негізінде 5 кәсіпорынға қатысты тексеру жүргізіп, жалпы сомасы 500 мың теңгеге жуық 9 әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, департаментте әр жарты жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыстары жүргізілген екен. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан соңғы жүргізген сыртқы талдау нәтижесі бойынша Департамент қызметіне байланысты бірқатар ескертулер жасалған болатын. Ал, жаңа экологиялық кодекстің басты бағыты – «ластаушы төлейді» экологиялық қағидатын іске асыру.
Bozyq.kz