ЭПИДЕМИОЛОГТАР ДАБЫЛ ҚАҒЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласының  Бас санитарының №17 қаулысына сәйкес 12-ші мамырдан бастап қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысына рұқсат берілді. Рұқсат берілгені сол еді мегаполистегі компаниялар қызу іске кірісті.  Алайда көптеген жүргізушілер мен кондукторлар карантин кезіндегі қарапайым қағидаларды сақтамай отыр. Жолаушылардың өміріне жауапты кейбір жүргізушілер маскасын иегіне іліп,  автобусқа шамадан  тыс жолаушы мінгізіп  жүйіткіп жүр. Тіпті, бетперде тақпай қоғамдық көлікке мініп жүрген  жауапсыз жолаушылар да бар.  Ал  Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары карантин тәртібін қатаң сақтауға  шақырып,  дабыл қағуда.

Гүлжахан Миралиева — Шымкент қаласы Еңбекші   аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының  жетекші  маманы

— Автобустар соңғы точкаға келеген кезде жолаушылар түсіп болғаннан кейін залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек.  Сонымен қатар өздері мен жолаушылардың маскада жүруін қадағалау керек.

 Жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымға қойылатын талаптар қаулыда тайға таңба басқандай  нақтыланған.  Автобуста жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорымен жабдықталуы тиіс. Ең бастысы  көлікке шамадан тыс жолаушы отырғызбай адамдар арасында арақашықтықты сақтау керек,-дейді мамандар.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *