ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҰБТ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Биыл  Ұлттық бірыңғай тестілеу штаттық режимде өтеді. Білім сынағын тапсыруға Шымкенттен 7 мыңнан астам түлек өтініш білдірген. Тест тапсыру пәндерінде өзгерістер жоқ.

Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 11-сыныптың 4-тоқсанында өткен бағдарлама сауалдары болмайды. Өйткені, оқушылар биыл карантин мен төтенше жағдайға байланысты соңғы тоқсанды қашықтан оқыды. Сондықтан осындай жеңілдік жасалып отыр. Алайда, тест тапсырудағы талап қатал. Егер оқушы білім сынағы кезінде ұялы телефон немесе түрлі көмекші құралдар пайдаланса, ол дәлелденсе  жинаған ұпайы  жойылады,-дейді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы  Жанат Тәжиева.

Тестілеу маусымның 20-сы мен 5-шілде аралығында Шымкенттегі 4 пункітте өтеді. Білім сынағы дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Бірақ, санитарлық режим қатаң сақталады.   Соңғы екі тоқсанды қашықтан оқыған оқушыларға  аттестат соңғы қоңырауда табыс етіледі.  Соңғы қоңырау 3-4 маусым күндері мектеп алулаларында, ашық аспан астында ұйымдастырылады.   Сонымен қатар биыл аста-төк дастархан жайып,  той-думан  өткізуге жол берілмейді.  Тәртіпке бағынбағандарға  қатаң шара көріледі,-дейді  қаланың бас ұстазы.

Bozyq.kz 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *