Шымкент қаласында әлеуметтік нысандарды жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл Мемлекет басшысының ел аумағындағы мектептерді жаңарту жөніндегі тапсырмасын іске асырудың жарқын көрінісі. Соңғы үш жыл ішінде елімізде 1300-ге жуық мектепке реновация жүргізу көзделсе, осы міндетті орындауда Шымкент алдыңғы қатарда тұр.

2025 жылы мегаполисте 9 мектепке күрделі жөндеу, 1 білім нысанының жылыту жүйесін жаңарту, сондай-ақ 1 балабақшаны толық жөндеу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда жоспар толығымен орындалып, 11 әлеуметтік нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары сапалы әрі заманауи талаптарға сай аяқталды.
Атап айтқанда: Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатның Б, В, В1, В2, М, Д, Д1, Д 2, Д 3 оқу ғимараттары, Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейі ғимараты, Ақпан батыр атындағы» №10 жалпы орта мектеп ғимараты, Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты, Ө. Жәнібеков атындағы №19 жалпы білім беретін орта мектеп жылу жүйесі, Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназия ғимараты, № 75 мектеп-гимназия ғимараты, № 99 мектеп-гимназия ғимараты, Хамза атындағы №108 жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты, № 109 жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты және №97 балабақша ғимараты.
Аталған нысандарда тек ағымдағы жөндеу емес, ғимараттардың толық техникалық жаңғыруы, инженерлік жүйелерді ауыстыру, қауіпсіздік талаптарын күшейту және эстетикалық келбетін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Бұл өз кезегінде оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін ыңғайлы, қауіпсіз және заманауи орта қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Білім беру нысандарын жаңғырту жұмыстары Шымкент қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудың бір бөлігі ғана. Қала соңғы жылдары жаңа мектептер құрылысы, балабақшалар санын арттыру, цифрлық білім беру жобаларын енгізу секілді бағыттар бойынша тұрақты әрі қарқынды дамып келеді.