Президент Жолдауы – Жаңа дәуірге қадам

8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады.
Бүгін осы маңызды құжатты талқылау мақсатында «Respublica» партиясының Түркістан облыстық филиалында жиын өтті. Кездесуге Өңірлік кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, Шардара, Кентау, Сауран, Түркістан қалаларындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және өңірдегі белсенді кәсіпкерлер қатысты.
Жиналыс барысында қатысушылар Жолдаудың мән-маңызына тоқталып, әр салаға қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Барлығының ортақ ұстанымы – Жолдауда жүктелген міндеттерді бірлесе атқарып, еліміздің өркендеуіне үлес қосу.
Президент атап өткен басым бағыттар ерекше қолдау тапты. Жасанды интеллект пен цифрлық мемлекет құру – жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып, елді технологиялық тұрғыдан алға жетелейді.
Бір палаталы Парламентке көшу – саяси жүйені ықшамдап, партиялардың жауапкершілігін арттырады. Экономиканы әртараптандыру мен инвестиция тарту – жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың тұрмысын жақсартады.
Жиында қойылған міндеттерді орындау – тек Үкіметтің ғана емес, бүкіл қоғамның, әрбір партияның және әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екені айтылды. Қазақстан алдағы жылдары тек аймақта ғана емес, әлемдік деңгейде де беделі биік, белсенді мемлекетке айналатыны жөнінде сөз болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *